Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге айрықша мән береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хань Чуньлиннің дипломатиялық миссиясы екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамыған кезеңге тұспа-тұс келгенін атап өтіп, Қазақстан тарапының Қытаймен өзара ықпалдастықтың барлық бағытына тың серпін беруге дайын екеніне тоқталды.
Хань Чуньлинь ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемі мен ықыласын жеткізіп, екі ел арасындағы мәңгі стратегиялық серіктестік жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогтың арқасында бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерілгеніне назар аударды. Сондай-ақ елші Қытай мен Қазақстанның сан қырлы байланысын одан әрі нығайтуға және өзара ынтымақтастықтың жоғары динамикасын сақтауға бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.
Кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
22 қаңтар 2025