Жетісу облысында Ақсу аудандық сотының төрағасы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденовтің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдік бойынша тергеу басталғанын растайды», – деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. Күдікті Нұрлан Шаймерденов 1979 жылы Талдықорған облысы Қарабұлақ кентінде дүниеге келген. Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында маман және сот отырысының хатшысы болып бастаған. Одан кейін Алматы облыстық сотында сот приставы, жетекші маман болып жұмыс атқарған.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
27 наурыз 2025