Мәжіліс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі құжатты қабылдады

Келісімнің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық күш-жігер мен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру.
Бұл құжатқа Астанада 2022 жылы 14 қазанда Армения, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстан мемлекеттерінің басшылары қол қойған.
- Келісім ынтымақтастықты тиісті бағыттар бойынша кеңейтуді көздейді. Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істер бойынша жәрдем көрсету, бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарды ұстау және беру, арнайы ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді табу және қайтаруды жүзеге асырудағы өзара іс-қимыл ынтымақтастықтың маңызды бағыты саналады, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов.
Жалпы, келісім аясында басқа да ынтымақтастық шаралары ескерілген.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында үйлестірілген немесе келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар мен арнаулы операциялар жүргізу, сондай-ақ өзге де іс-шаралар қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
12 наурыз 2025