Президент Жолдауын дайындау және іске асыру ережесі өзгерді

Ережеге сәйкес, Үкімет аппараты жалпыұлттық жоспар бекітілгеннен кейінгі 20 жұмыс күнінің ішінде жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне жалпыұлттық жоспар іс-шараларын іске-асыру жол картасының қалыптастырылуын және толтырылуын қамтамасыз етеді.
Жауапты мемлекеттік орган Президент пен Президент Әкімшілігі басшылығының заңнамалық түзетулер қабылдау мәселелері жөніндегі тапсырмасы келіп түскен күннен бастап, екі апта мерзімде Президент Әкімшілігіне және Үкімет аппаратына Әділет министрлігімен келісілген орындау процесі мен оның кезеңдері туралы пайым енгізеді.
Тапсырмаларды орындау мерзімін ұзартуға (бірінші ұзартуға) кінәлі лауазымды адамдардың тәртіптік жауаптылығы туралы мәселені қарай отырып, Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша жол беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
12 наурыз 2025