Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бектенов шахтадағы апатқа қатысты: мұқият тексеріп, зардабын жою керек

ktk.kz

Бектенов шахтадағы апатқа қатысты: мұқият тексеріп, зардабын жою керек

— Бүгінгі отырысты Ұлытау облысындағы төтенше жағдайдан бастаймыз. Үкіметтің атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарды жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды.

— Оны менің орынбасарым Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев басқарды. Оқиғаның мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек, — деді ол.

Бұған дейін Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ұлытау облысы Жомарт шахтасындағы апаттың себебі 10 күннің ішінде аяқтайтынын айтты.

Еске сала кетсек, 17 ақпанда Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалған еді. Кейін кабельдердің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс жоқтығы айтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 наурыз 2025