Сенат Қатар мемлекетімен арадағы құқықтық көмекке қатысты заңды мақұлдады

Аталған келісімге 2024 жылдың 14 ақпанында Доха қаласында Мемлекет басшысының Қатарға сапары аясында қол қойылды. Құжат құқықтық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібін айқындайды.
— Ратификациялауға ұсынылып отырған құжат екі тараптың құзыретті органдарына қылмыс жасады деп күдікке ілінгендердің және айыпталғандардың кінәсін дәлелдеуге бағытталған белгілі бір тергеу әрекеттерін өткізу туралы сұрау салу арқылы жолдану құқығын бекітеді. Келісім аясында тараптардың ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін, Келісімнің мақсаттарына сәйкес құқықтық көмектің кез келген түрін көрсетуге мүмкіндік беріледі, — деді сенатор Марат Қожаев.
Атап өтетін болсақ, олар:
— Тараптардың құзыретті органдарына куәлардың, жәбірленушілердің және сарапшылардың келуін қамтамасыз ету;— қамақтағы адамдарды және бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдарды уақытша беру;— құжаттарды немесе шақыру қағазын табыс ету;— тінту және алу;— тінтуді, мүлікті алу немесе тәркілеу рәсімдеріне жәрдемдесу және тағы басқалары.
— Бұл тергеу әрекеттерін жүргізу тәртіптері қазақстандық қылмыстық-процестік заңнамада да реттелген. Келісімде құқықтық көмекті көрсетуден бас тартуға мүмкіндік беретін негіздердің тізімі айқындалады. Келісімде құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың мазмұны мен оны орындау тәртібі, сұрау салу мен оны растайтын құжаттардың құпиялығын сақтау міндеттемесі, дауларды шешу және шығындарды өтеу жолдары да қарастырылады. Келісімді ратификациалау Қазақстан мен Қатар мемлекеттері арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алудың құқықтық негізін жасап, екі ел арасындағы қалыптасқан ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жол береді, — деді депутат.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
11 наурыз 2025