Дина Төлепберген: «Георгий лентасын тағу – соғысты қолдау»

Дина Төлепберген Георгий лентасын неге тақпау керек екенін айтты. Оның пікірінше, бұл – соғыстың өзін қолдаумен пара-пар.
Танымал журналист Георгий лентасының тарихына көз жүгіртіп өтті.
«Қазақ қашанда символға мән берген халық. Бірақ мына символ бізді адастырып жатыр. Оны әлі де кей адамдардың көлігінен көкірегінен, күмбезінен көреміз. Лента- Жай жолақ емес. Ол – символ һәм саясат. Оның астарын түсіні үшін тарихқа үңілейік. 1769 жылы императрица Екатерина ІІ Ресей мен Осман империясының соғысы кезінде өз әскерін мотивациялау үшін орден шығарады», – дейді ол.
Төлепберген бұл лентаның христиан әулиесі, айдаһарды өлтірген әулие Георгийдің атымен аталғанын алға тартып отыр. Орден қара-сары жолақты лентаға байланып, империялық мүдде үшін «ерлік» көрсеткендерге 150 жыл бойы беріліп келіпті.
«Сондықтан оны қырған, қазақтардың жерін тартып алған офицерлер де таққан. Бір деңіз. Кеңес дәуірінде діни рәсіміздерге тыйым салынғандықтан, Әулие Георгий ордані жойылады. Бірақ лента қалады. Тек атауын «гвардиялық» деп өзгертеді» – дейді Дина Төлепберген.
Оның сөзіне қарағанда, атасы да Ұлы отан соғысына қатысқан. Оның медальдарын мұқият қарап шыққан. Бәрінде қызыл лента. Біреуі ғана басқа.
«Әрине, жай емес. Бірақ 2005 жылы пайда болған символды 1945 жылы жауынгер қайдан білсін? Кеңес сарбаздары мен тыл еңбеккерлері үшін Жеңістің басты нышаны – қызыл ту, қызыл қалампыр болған», – дейді журналист.
Дина Төлепбергеннің дерегінше, 2005 жылы Кремльге жаңа символ қажет болды. Сөйтіп, Ресей бұл лентаны мемлекеттік идеологияға айналдырған.
«Грузия, Қырым, Украина. Қаруда – осы лента. Танкте – осы лента. Сондықтан қазір оны тағы «атам соғысқа қатысқан» деген белгі емес, бұл соғыстың өзін қолдау. Мен өзіміздің көк лентамызды таңдаймын. Өйткені, бейбітшілікті қалаймын. Ал сіз ше?» – деп сауал тастады журналист.
Мұның алдында көк лента бейнеленген мерекелік «Жеңіс пойызы» Алматыға келіп тоқтағанын жаздық.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
10 мамыр 2025