"Бәйтерек" холдингі кезекті бір активін сатып жіберді

«Бәйтерек» холдингі «АқмолаАгро-1» компаниясындағы 49% үлесті сатып жіберді. Бұл жайлы қаржы ұйымы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
«АқмолаАгро-1» дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдарды өсірумен айналысады. Енді компанияның жалғыз құрылтайшысы Болат Кабиевке тиесілі «Запорожье-Агро» болды. Бұған дейін кәсіпорын «АқмолаАгро-1» компаниясын «Бәйтерекпен» бірге иеленген еді.
Осыдан кейін «Бәйтерек» холдингінің құрамында 10%-дан жоғары үлесі бар жеті еншілес ұйым қалды:– Қазақстан Даму Банкі (100%),– Qazaqstan Investment Corporation (100%),– Отбасы банк (100%),– «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» (100%),– «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры (100%),– «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» (100%),– «Аграрлық несие корпорациясы» (100%).
«АқмолаАгро-1» «Бәйтерекке» 2024 жылы қарашада өткен. Осымен бірге «ТайыншаЖер Плюс», қараша айында «Авантюрин» және Qarqyn Group. компаниясындағы 49% үлесті сатып алған еді.
Былтырғы есеп бойынша, «Бәйтерек» холдингі 416 млрд теңге таза пайда тапты. Активтері 14,1 трлн теңгеге дейін өсті.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
13 мамыр 2025