Дәу бас алматылықтардың жағасын ұстатты

Дәу бас алматылықтардың жағасын ұстатты. Аль-Фараби даңғылы мен Назарбаев көшесі қиылысындағы алып бас мүсіні таңғалдырды.
Алматыда ашылуға дайындалып жатқан Almaty Museum of Arts заманауи өнер мұражайының алдына ерекше мүсін орнатылды. Бұл жаңалықты алғаш болып Threads әлеуметтік желісінің қолданушылары байқаған.
Мүсін – әлемге танымал испандық мүсінші Жауме Пленсаға тиесілі туынды. Бұл туралы блогер Әлішер Елікбаев әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
«Мен Угандада жүргенде, Алматыда әйгілі мүсінші Жауме Пленсаның жұмысы орнатылды. Оның туындыларын Барселона, Мадрид секілді қалалардың көшелерінен көрген боларсыздар», – деді ол.
Пленсаның мүсіні енді Алматыда тұрмақ. Мүсінші әлемнің көптеген қалаларында адам кейпіндегі, көбіне көзі жұмылған ірі мүсіндер жасаумен танылған. Оның туындылары АҚШ, Еуропа және Азия елдерінде орналасқан. 2020 жылы оның «Көшпенді» атты мүсіні Esentai Mall сауда орталығы жанындағы аллеяда пайда болған болатын.
Мұражай аумағында құрылыс қоршаулары алынып, баспалдақтар мен айналадағы инфрақұрылым ретке келтіріліп жатыр. Алып дәу бас мүсіні мұражайға ерекше көрік бермек.
Almaty Museum of Arts 2025 жылдың күзінде ашылмақ.
Мұның алдында Атырауда Пішөн атты иттің ескерткіші орнатылған еді.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
13 мамыр 2025