Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Ел есінен ауысайын деген екен»: 103 жастағы кейуананы ақтық сапарға ақша шашып шығарып салған (ВИДЕО)

paryz.kz

«Ел есінен ауысайын деген екен»: 103 жастағы кейуананы ақтық сапарға ақша шашып шығарып салған (ВИДЕО)

Кадрлардан жиналғандардың ақша шашып жатқанын көруге болады. Ал видео авторы әжесінің 103 жасқа келіп, қайтыс болғанын жазды. «103 жасқа келіп, біз де осылай абыроймен кетуді бұйырсын», – деп жазды видео авторы. Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі мұны бұрыннан бар ғұрып десе, бірі «қазаның аты – қаза» дейді. «103 жасқа келсе де, адам өлімі болып жатыр ғой, ақша шашып не көрінді», «Кешір, Алла, беташар болып жатыр екен деп ойлап қалдым ғой», «Мен қарсымын, 200-ге келсе де, әкең, шешең, қимайсың ғой», «Той ғой, бәрімізге бұйырсын», «Ел есінен ауысайын деген екен», – деп жазды желі қолданушылары.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 мамыр 2025