Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда әкімдер үшін екі жыл сынақ мерзімін енгізу ұсынылды

zhambylnews.kz

Қазақстанда әкімдер үшін екі жыл сынақ мерзімін енгізу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әкімдер үшін екі жылдық сынақ мерзімін енгізуді ұсынды.

Халық қалаулысының айтуынша, аталған мерзім аяқталғаннан кейін өңір басшысының жұмысы нақты макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бағалануы тиіс.

— Нәтиже болмаса — әкім қызметінен кетуі керек, себебі бұл — тиімсіздік көрсеткіші. Менің ойымша, халық дәл осы радикалды тәсілді күтіп отыр, — дейді Бақытжан Базарбек Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Айта кетейік, биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халық тікелей сайлайды.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында қала мен аудан әкімдерінің жұмысы KPI көрсеткіштері бойынша бағаланады.

Сондай-ақ биыл сәуірде Еуразиялық интеграция институтында әкімдерді тікелей сайлау институтының дамуы талқыланды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 маусым 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар