Жарты жылда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген 14 адам ұсталды

Жыл басынан бері іздеуде жүрген 706 адам ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Оның ішінде:
14 адамға кісі өлтіргені үшін іздеу жарияланған;13 адам – есірткі сатқаны үшін,34 адам – тонағаны үшін,141 адам – алаяқтық жасағаны үшін,269 адам – ұрлық үшін.
Прокуратураның хабарлауынша, бюджет қаражатын тартпай-ақ халық көп жиналатын орындарға 3 мыңнан астам камера орнатылды. Солардың көмегімен былтыр 72 қылмыскер ұсталған.
«Мәселен, 2024 жылдың қазанында Алматы қаласында ауыр қылмыс жасағаны үшін 15 жылдан астам уақыт бойы іздестіруде жүрген қылмыскер ұсталды», – делінген ақпаратта.
Ресми ақпаратқа сәйкес, шетелдік юрисдикциялардан аса ауыр қылмыстар жасаған – кісі өлтіру, қаржылық пирамидалар құру, ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу, алаяқтық және есірткі саудасы бойынша жауапқа тартылған 28 адам қайтарылды.
«Қабылданған шаралар іздестірудегі адамдардың жалпы санын 4,6%-ға (2226-дан 2123-ке дейін) азайтуға және оларды ұстау тиімділігін 63,7%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді», – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін аса ірі көлемде аялақтық жасап, шетелге қашып кеткен қазақстандық Грузияда ұсталды.
- Соңғы
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
-
- Маусым, 23
-
-
Күнделікті жаңалықтар
3 шілде 2025