Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Президент: Қазақстан үшін су — ұлттық қауіпсіздік мәселесі

zhambylnews.kz

Президент: Қазақстан үшін су — ұлттық қауіпсіздік мәселесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада су шаруашылығы қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімінде Қазақстан үшін су — ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін атап өтті.

— Бүгін — су шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Алдымен сіздерге кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын дегім келеді. Баршаңызды құттықтаймын. Су — бүкіл тіршіліктің көзі. Сусыз өмір жоқ екенін бәріміз де білеміз. Су — әлемдегі барлық ел үшін аса маңызы стратегиялық ресурс. Біздің кең байтақ жеріміз бар. Алайда, ел аумағының жартысынан көбі шөл және шөлейт жерлер. Сондықтан Қазақстан үшін су мәселесі ұлттық қауіпсіздік мәселесі десек, артық болмайды, — деді Президент.

Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласы әрдайым мемлекеттің айрықша назарында екенін баса айтты.

— 2023 жылы халыққа Жолдауымда мен суды тиімді пайдалану жайына ерекше тоқталдым. Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Нақты міндеттер айқындалып, ауқымды реформалар қолға алынды. Жаңа су кодексі қабылданды. Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Су нысандарын салуға және қалпына келтіруге қомақты қаражат бөлінді. Шетелден инвестиция тартылуда, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар