Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады

zhambylnews.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді. Айта кетелік Моңғолияда биыл Ұлттық мереке «Наадам» 10–17 шілде аралығында атап өтіледі. 4 маусым күні өткен Үкімет отырысында Моңғолияның Ұлттық мерекесі — «Наадамды» атап өтуге байланысты шешім қабылданды. 2025 жылы ресми мереке болып саналатын 12 және 13 шілде күндері сенбі және жексенбіге сәйкес келгендіктен, олар сәрсенбі мен бейсенбіге — 16 және 17 шілдеге ауыстырылды. Осылайша, Наадамға арналған демалыс күндері 10 шілдеде басталып, сегіз күнге созылады. Бұл шешім азаматтардың ұсыныстары мен өтініштеріне сай қабылданды. Оның мақсаты — мерекені кең көлемде атап өтуге мүмкіндік беру, ішкі туризмді қолдау және жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Айта кетейік, Наадам — Моңғолиядағы ең ірі әрі маңызды ұлттық мереке. Оның атауы «ойын-сауық» немесе «ойындар» деген мағына береді. Бұл мереке ежелден бері моңғол халқының тәуелсіздігі мен бірлігінің символы ретінде тойланып келеді. Еске салсақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жол қашықтығы 800 шақырымға дейін қысқаратыны туралы жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар