Қарағанды облысы транзиттік әлеуетін қалай арттырып отыр?

«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, оны Еуразиядағы жетекші әуе хабына айналдыруды тапсырды. Қарағанды облысында бұл міндеттің қалай орындалып жатқаны облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановтың айтуынша, өңірдегі көлік жобалары жүйелі сипат алуда. – Президенттің тапсырмасына сәйкес, CargoHUB Karaganda мультимодальды аэрохабын және Сарыарқа әуежайы аумағында АЭА-ның субаймағын құру мәселесі пысықталуда. Бұл нысан болашақта Орталық Қазақстан ғана емес, оның аумағынан тыс халықаралық жүк тасымалының негізгі орталығына айналады. Жаңа жанармай құю кешенінің құрылысы басталды. Достық – Мойынты теміржол учаскесінде қос жолдың құрылысы аяқталуға жақын. Балқаш әуежайы жаңғыртылуда. Мұның бәрі өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтеді, – деді облыс әкімінің орынбасары. 2030 жылға қарай Қарағанды әуежайы арқылы өтетін жүк көлемі жылына 15 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін ұлғаймақ. Бұл шамамен 2 мың жаңа жұмыс орнын ашып, бюджетке қосымша кіріс әкеледі. – Жол желісі ауқымды түрде жаңартылуда: республикалық маңызы бар трассалардан бастап қалалық және ауылдық жолдарға дейінгі учаскелер қамтылып отыр. Бұл көліктік қолжетімділікті арттырып, халық пен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
- Соңғы
- Танымал
- Қыркүйек, 12
-
- Қыркүйек, 11
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
- Қыркүйек, 08
-
-
-
-
- Қыркүйек, 05
-
-
-
- Қыркүйек, 04
-
-
- Қыркүйек, 03
-
-
Күнделікті жаңалықтар
13 қыркүйек 2025