Алматы әуежайында мас күйде шу шығарған прокурор айыппұл арқалады

Апелляциялық сот мас күйде әуежайда шу шығарған ақтаулық прокурор Ерболат Әбдіровті ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Бұған дейін Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты Ақтау прокуроры Ерболат Әбдіровтің Алматы әуежайындағы іс-әрекетінде әкімшілік құқықбұзушылық құрамы жоқ деген шешім шығарған еді.
Маңғыстау облыстық соты Ақтау сотының шешімін апелляциялық тәртіппен қайта қарады. Апелляциялық сот Ерболат Әбдіровті кінәсіз деп тану жөніндегі бірінші сатыдағы сот шешімінің негізсіз екенін анықтады. Іс материалдарына сәйкес, ол 2025 жылдың 27 тамызында Алматы – Астана рейсінің жолаушыларын тасымалдаған автобуста адамдарға тиісіп, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Бас көлік прокуратурасы Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіровке қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға сәйкес, прокурор соңғы шешім қабылданғанға дейін лауазымынан уақытша босатылған.
- Соңғы
-
-
- Қыркүйек, 15
-
-
- Қыркүйек, 12
-
- Қыркүйек, 11
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 08
-
-
-
-
- Қыркүйек, 05
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2025