Алматы әкімдігі жол салу үшін 27 жер телімін мәжбүрлі түрде алмақ

Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен Медеу және Түрксіб аудандарында 27 жер учаскесі немесе басқа жылжымайтын мүлік мемлекет қажеттіліктері үшін алынатын болады. Қала әкімдігі Қайрат шағын ауданынан Талғар жолына дейінгі учаскеде Хмельницкий көшесін ашу үшін жерлерді мәжбүрлі түрде алу жұмысын бастауға тапсырма берді.
Мәжбүрлі жер алу ісі 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланып отыр. Жер қатынастары басқармасына меншік иелеріне заңда белгіленген тәртіппен өтемақы төлеу міндеті жүктелді. Жер учаскелері немесе басқа жылжымайтын мүлік алынған соң олар «Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасына» беріледі.
- Соңғы
- Танымал
-
- Қазан, 14
-
-
-
- Қазан, 13
-
-
-
- Қазан, 10
-
-
-
- Қазан, 08
-
-
-
- Қазан, 02
-
-
- Қазан, 01
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 қазан 2025