Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бектенов "Самұрық-Қазынадағы" ЖИ менеджермен жиналыс өткізді

kz.kursiv.media

Бектенов Самұрық-Қазынадағы ЖИ менеджермен жиналыс өткізді

«Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамындағы SKAI есімді ЖИ мүше алғаш рет жиналысқа қатысты, Ол жиында премьер-министр Олжас Бектенов та болып, SKAI-ға сұрақ қойды деп жазады Kursiv Media.

Премьер SKAI-дан қор 9 ай ішінде отандық тауар өндірушілерді қолдауда қандай өсім көрсетті деп сұрайды.

«Өсім 75% болды. 2025 жылдың 9 айында қор 497 отандық тауар өндірушіден 721 млрд теңгеге тауар сатып алды. Былтырғы жылда 9 айда бұл көрсеткіш 411 млрд-қа тең болған еді. Менің бағалауымша, осы жылы жоспар артығымен орындалады», – деп жауап қатады ЖИ менеджер.

SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) – дауысы бар, жасанды интеллект негізінде жасалған цифрлы мүше. Ол қазақстандық Alem LLM тіл моделінің негізінде жасалған.

Оны алғаш рет 2 қазанда Digital Forum шарасында арнайы Тоқаевқа таныстырған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қазан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар