Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте мерекелерге орай қойылған сирек есімдер туралы айтылды

kz.otyrar.kz

Шымкентте мерекелерге орай қойылған сирек есімдер туралы айтылды

Республика күні қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы жаңа туған сәбилерге қойылатын есімдерге қатысты қызықты деректермен бөлісті.

Филиалдың мәліметінше, өткен жылы кейбір ата-аналар өз балаларына еліміздің мемлекеттік мерекелері мен тарихи оқиғаларға байланысты есімдер берген. Мәселен, бірнеше сәби Егемен деген есімге ие болған. Бұл атау Қазақстанның тәуелсіздігін білдіреді.

«Ата-аналар көбіне өздері үлгі тұтатын тұлғаларға немесе ел тарихындағы маңызды оқиғаларға байланысты есімдерді таңдайды. Кейде есім белгілі бір мерекеге құрмет ретінде қойылады. Мысалы, Республика күніне орай балаларға Қазақстан деген есім беріледі», – деді мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Жомарт Умбеталиев.

Айта кетейік, туу туралы куәлікті алу үшін өтінішті тек дәстүрлі түрде ХҚКО арқылы ғана емес, онлайн да беруге болады. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.2025 жылдың басынан бері Шымкент қаласында 23 мыңнан астам ата-ана туу туралы куәлік ресімдеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 қазан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар