Трамп АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынас туралы жазба жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ, Қазақстан және Орталық Азияның басқа елдері арасында жаңа қарым-қатынастардың басталғанын мәлімдеді. Ол мұны Вашингтонда өткен C5+1 саммитінен кейін айтты.
«Ақ үйде бес ғажап елдің президентімен саммит өткізу құрметіне ие болдым. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қырғыз Республикасы президенті Садыр Жапаров және Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов», – деп жазды Трамп Truth желісінде.
Сөзінше, кейінгі отыз жылда АҚШ президенттері Орталық Азия елдеріне тиісті деңгейде назар аудармаған. Алайда бұл елдер пайдалы қазбаға бай. Трамп талантты адамдар бар бұл аймаққа да көңіл бөлуге ниетті.
«C5+1 платформасының 10 жылдығына орай біз миллиардтаған доллар көлеміндегі коммерциялық келісімдерге қол жеткіздік. Бұл келісімдер АҚШ-та авиация, пайдалы қазбаларды өндіру, ауыл шаруашылығы, теміржол, автокөлік және технология салаларында ондаған мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», – дейді Трамп.
Саммит АҚШ пен Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Түрікменстан арасындағы жаңа қатынастардың бастауына айналды деп бағалаған.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Трампты «бітімгер Президент» деп атады. Сегіз айдың ішінде сегіз соғысты тоқтатқанын атап өтті.
- Соңғы
- Қараша, 07
-
- Қараша, 05
-
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
-
-
- Қазан, 30
-
-
- Қазан, 29
-
- Қазан, 22
-
-
-
- Қазан, 21
-
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 17
-
-
Күнделікті жаңалықтар
8 қараша 2025