Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

10 жастағы қыз зорлық көрген ауылда әкімдікке қарсы қылмыстық іс қозғалды

kz.kursiv.media

10 жастағы қыз зорлық көрген ауылда әкімдікке қарсы қылмыстық іс қозғалды

Орал қаласы әкімдігіне қарасты Зашаған кентінде оқушы қызды зорлау оқиғасы 29 қыркүйекте № 20 орта мектеп орналасқан ауданда болған. Полиция қылмыстық іс қозғаған. Енді ауыл әкімі істі болғаны мәлім болып отыр. Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлады.

Орал қаласының прокуроры Мейірхан Ізімовтің айтуынша, қылмыс қарсаңында ата-аналар мектепке баратын жолға жарық жүргізіп, ағаштарды қырқуды қайта-қайта сұраған.

«Алайда Зашаған әкімдігі оған салғырт қараған. Зорлық оқиғасынан кейін ғана жол бойындағы ағаштар кесілді», – деп таратты агенттік.

Прокурордың айтуынша, Зашаған кенті әкімдігіндегі шенеуніктердің салғырттығына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

Батыс Қазақстан облысының полициясы жергілікті атқарушы органға қатысты «салақтық» бабы негізінде қылмыстық іс тіркелгенін растады, алайда қосымша мәлімет бермеді.

Ал он жастағы оқушы қызды зорлау оқиғасына қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, қазанның аяғында Алматы облысында 12 жастағы оқушы қызды зорлады деген күдікпен бір жасөспірім ұсталды. Қазанның ортасында Ақтөбеде 14 жастағы оқушы қыз алпыстан асқан өгей атасынан босанды. Ал Түркістанда оқушы 71 жастағы шалдан жүкті болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар