Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәжіліс депутаты Тимур Қырықбаев: «Банк жеке тұлғадан қосымша кепілгерлік немесе кепіл талап етуге құқылы емес»

kaz.365info.kz

Мәжіліс депутаты Тимур Қырықбаев: «Банк жеке тұлғадан қосымша кепілгерлік немесе кепіл талап етуге құқылы емес»

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Банктер туралы» заң жобасын қараған жұмыс тобының отырысында азаматтарды негізсіз жеке кепілгерлікке тартудан қорғауға бағытталған маңызды түзету мақұлданды. Бұл бастаманы Мәжіліс депутаты Тимур Қырықбаев ұсынды.

Депутаттың айтуынша, қазіргі банктік тәжірибеде жеке кепілгерлік институты көп жағдайда әділетсіз сипат алып отыр. Несие рәсімдей алмай отырған азаматтың туыстары мен таныстары олардың қаржылық мүмкіндігі болмағанына қарамастан, кепілгер болуға мәжбүр болатын жағдайлар жиілеген. Әсіресе, телефон арқылы қашықтан рәсімделетін келісімдер кезінде кепілгер болуға келісіп жатқан адамның қандай көлемде міндеттеме алып отырғанын толық түсінбей қалуы жиі орын алады. Бұл кейін кепілгерлердің өзіне үлкен қаржылық ауыртпалық түсіріп, әлеуметтік мәселелерге әкеліп соғады.

Сонымен бірге ұсынылған қамтамасыз ету негізгі міндеттемені толық жауып тұрған жағдайда, банк азаматтан қосымша кепілгерлік немесе қосымша кепіл талап етуге құқылы емес. Бұл норма банктердің артық талап қоюына шектеу қоюға бағытталған.

Тимур Қырықбаевтың бастамасын Мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек пен Арман Баққожаев та қолдады. Депутат алдағы уақытта аталған түзетудің жұмыс барысы туралы қоғамды әрі қарай да хабардар етіп отыратынын айтты. Бұл өзгерістер қоғамда көптен бері талқыланып жүрген жеке кепілгерлік мәселесін жүйелі түрде реттеп, азаматтардың құқықтық және қаржылық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болмақ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар