Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте «арзанға көлік әперемін» деп елді алдаған алаяқ 7,5 жылға сотталды

kaz.365info.kz

Шымкентте «арзанға көлік әперемін» деп елді алдаған алаяқ 7,5 жылға сотталды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында И. есімді азаматқа қатысты ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («ірі және аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қаралды. Сотталушы И. ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (бірнеше рет ірі және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау) айыпталды.

И. 2023-2025 жылдар арасында Шымкент қаласында бірнеше рет тоғыз жәбірленушіге арзан бағада автокөлік алып беремін деп алдап айтып, олардың сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолымен олардың ақшасын иемденген.

«Жәбірленушілер сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және азаматтық талап арыздарды қанағаттандыруды сұрады. Сотталушы өзіне ең төменгі мерзімде жаза тағайындауды және оны орындауды 5 жылға кейінге қалдыруды сұрады. Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін мойындауын, 3 кәмелетке толмаған баласының болуын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар ретінде – бұрын сотталғаны, әрекетінде қылмыстардың қайталануы және залалдың өтелмеуі назарға алынды. Сот, И.-ны ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды, ҚК-нің 74-бабы бойынша жазаны орындау 1 жылға кейінге қалдырылды», – делінген сот хабарламасында.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар