Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нұрымбет Сақтағанов: «Жаңа Маралды – үміт, сенім және болашаққа жасалған қадам»

kaz.365info.kz

Нұрымбет Сақтағанов: «Жаңа Маралды – үміт, сенім және болашаққа жасалған қадам»

2026 жылы Маралды ауылдық округін дамытуға 600 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Маралды ауылының тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.

Сонымен қатар тұрғындардың қолайлылығы үшін Starlink спутниктік интернеті орнатылып, орталық саябақтың қоршауы жаңартылды. Ауыл стадионы жаңа спорттық құрал-жабдықтармен толықтырылып, жалпы пайдаланымдағы жолдар мен өткелдер абаттандырылды. Бұдан бөлек, Үшбұлақ және Қыстау–Күршім ауылдарында шағын футбол алаңдары, жас мамандар үшін тұрғын үйлер салынды.

Келер жылы округтің дамуына 600 миллион теңге бөлінеді. Барлық жұмыстар тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері ескеріле отырып жүргізіледі.

Кездесу барысында облыс әкімі Маралдының тарихи маңызына тоқталып, ауылдың болашағына сенім білдірді.

«Туған жер – алтын бесігім» дейді дана халқымыз. Маралды – ата-бабамыздың ізі қалған, маңдай термен көркейген, бізге аманат болып жеткен қасиетті мекен. Бүгін біз Жаңа Маралды туралы айтып отырмыз. Жаңа Маралды – бұл жай сөз емес, бұл – нақты істер, әр тұрғынға көрініп отырған нәтижелер. Жаңа Маралды – үміт, сенім және болашаққа жасалған қадам», – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қаңтар 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар