Ақтөбеде танысы мен туысына заңсыз пәтер берген шенеунікке қатысты сот басталды
Ақтөбелік әріптестері мен таныстарына тұрғын үй мәселесін шешуге көмектескен шенеунікке қатысты сот басталды. Бұл туралы 365info.kz сайты “Время” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбеде «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деп айыпталған шенеунік Жандос Әлімовке қатысты сот басталды. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, күдікті 2021-2022 жылдары қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімін басқарған кезде мемлекет есебінен кейбір қол астындағыларға, жерлестері мен облыстық әкімдік қызметкерлеріне, сондай-ақ туыстарына заңсыз түрде пәтер берген.
Айыпталушының өзі тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Күдіктінің қорғаушылары пәтерлерге қатысты шешімдер негізінен қала әкімінің (ол кезде бұл қызметті Асхат Шахаров атқарған) төрағалығымен қабылданғанын, ал Әлімов тұрғын үй комиссиясының жай ғана мүшесі болғанын айтады. Осыған байланысты адвокаттардың пікірінше, хаттамаларға қол қойған комиссияның өзге мүшелерінің салғырттығы мәселесін де көтеру қажет.
Басылымның мәліметінше, сот барысында аудиторлық есептен үзінділер оқылған, шенеунік арқылы үйлі болған есімдер арасында түрлі салалардағы бұрынғы және қазіргі жоғары лауазымды шенеуніктер де бар. Сот процесі енді ғана басталды, алда іс материалдары зерттеліп, куәлардан жауап алынады.
- Соңғы
- Танымал
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
- Желтоқсан, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 01
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 желтоқсан 2025