Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жұмыртқаның зияны бар – дәрігер

kz.kursiv.media

Жұмыртқаның зияны бар – дәрігер

Қуырылған немесе қайнатылған жұмыртқаны көп тұтыну атеросклероздық өзгерістердің үдеуіне ықпал етуі мүмкін.

Бұл туралы Мемлекеттік ағарту университетінің медицина факультеті хирургия кафедрасының оқытушысы Александр Умнов айтқан.

Лента басылымына берген сұхбатында дәрігер өнім құрамындағы холестерин мөлшерінің көп болуына байланысты жұмыртқаны күнделікті тұтынудан сақ болуға шақырған.

Оның айтуынша, атеросклероздық өзгерістердің үдеуі артериялардың саңылауын тарылтып, ағзаның қанмен қамтамасыз етілуін нашарлатады. Бұ миокард инфарктін қоса алғанда, жүрек-қан тамырлары ауруларының асқыну қаупін арттырады.

«Жұмыртқадағы майдың көп болуы ағзаларда интерстициалды майдың жиналуына әсер етуі мүмкін. Бұл да – денсаулық үшін қауіп факторы. Ал жұмыртқа таза піспесе, мысалы, сұйық күйінде нанмен бірге тұтынылса, сальмонеллез жұқтыру қаупі бар. Бұл денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді», – деп ескертті Умнов.

Сондай-ақ дәрігер өсімдік майына қуыру, тағамға бекон мен шұжық қосу онкологиялық аурулардың даму қаупін арттыруы мүмкін екенін атап өтті. Бұдан бөлек, жұмыртқасы бар тағамдарды шамадан тыс тұздау артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін екенін айтты.

Мұның алдында ғалымдар қара шоколадты тұтыну биологиялық қартаюды баяулататынын анықтады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар