Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ауызашарға құрма сатып алғанда нені тексеру керек

kz.kursiv.media

Ауызашарға құрма сатып алғанда нені тексеру керек

Ораза кезінде ең көп тұтынатын жеміс – құрма. Ол – табиғи энергия көзі, калориясы өте жоғары. Ауызды да ең әуелі құрмамен ашуға кеңес береді. Күнұзақ аш жүрген адам тамақтанғанда ағзасын бірден «шошытпайды», ас қорыту жүйесін тамаққа дайындайды. Рамазан айында құрманың саудасы да жақсы жүреді. Оның дәмдісін, сапалысын қалай таңдау керек? Бірнеше кеңес ұсынамыз.

Құрма темір, магний, цинк, марганец, калий, кальций мен А, С, В витаминдеріне бай. 100 грамм құрмада 274 ккал бар, тәттінің орнын жақсы алмастыра алады. Әлемде 1500-нан аса түрі бар. Бірақ тұрмыста оның 8-10 түрі ерекше танымал, саудасы да өтеді.

Патша құрмасы немесе Меджүл

Меджүл құрмалардың патшасы деп саналады. Көлемі үлкен, жұмсақ, тәтті дәмі бар. Израиль, Иордания, АҚШ-та өсіріледі. Кептірілгеннен кейін де көлемі аса қатты өзгермейді.

Мазафати

Мазафати құрмасы Меджүлге қарағанда кішірек, бірақ жұмсақ, өте тәтті. Түсі қара-қоңыр, қызғылтым, сырты жылтыр. Күнделікті жегенге ыңғайлы, асқазанға жеңіл, балаларға да бола береді. Бұл құрманы мүмкіндігінше тоңазытқышта сақтау керек.

Ажуа

Ажуа исламдағы ерекше құрма деп саналады. Оны Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) ұнатқан, сүннетке кіретін құрма. Бұл құрма тек Сауд Арабиясында, Мединада өседі. Сондықтан өте бағалы әрі қымбат. Өте таза, түсі қара, ұсақ, тәттілігі де төмен.

Деглет Нур

Деглет Нур құрмалар арасындағы ең қолжетімді, бағасы арзан деп саналады. Тунис пен Алжирде өседі, ең көп экспортталатын құрма сорты. Жартылай құрғақ, тым тәтті емес, түсі ашық. Ұзақ сақталады, тасымалдауға ыңғайлы болғандықтан дүкендерде де жиі сатылады.

Ең басты нәрсе – құрамы. Қораптың сыртында тек құрма деген бір-ақ сөз болу керек. Glucose syrup, sugar, sucrose, E-сериялы қоспалар деген сияқты сөздер болса, онда сатып алмаған дұрыс.

Оразаға ең дұрысы ажуа, деглет нур, мазафати тәрізді тәттілігі орташа, қоспасыз құрмалар.

Айта кетейік, осы жылдың он тоғызыншы ақпанында Рамазан айы басталады. Өз қалаңыз бойынша ораза кестесін мына жерден көре аласыз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар