Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жарты жылда 175 мың киік сойылған: етінің бағасы қанша

kz.kursiv.media

Жарты жылда 175 мың киік сойылған: етінің бағасы қанша

Елде киік санын реттеу шарасы басталғалы 175 мыңнан астам киік сойылған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, киіктердің санын реттеу жұмыстарына жауапты 35 сою пунктінің 27-сі тәулігіне 5 885 бастан сойған.

«2025 жылғы 2 шілдеден 2026 жылғы 5 қаңтарға дейін сою нысандарына 175 632 киік ұшасы жеткізілді, барлық ұшалар зертханалық тексеруден өтті. 122 046 киік ұшасына сату үшін №2 нысанындағы 1 741 ветеринариялық анықтама берілді, қалған ұшалар сақтау қоймаларында (кейінгі өңдеу үшін) сақтаулы», – делінген хабарламада.

Сою пункттерінде киік етінің сатып алу бағасы – келісі 260–550 теңге. Ал сату бағасы – 1600 теңге.

Айта кетерлігі, киік етінен консерві өндірумен «Торғай ет» ЖШС, «Кублей» ЖШС және «Uly Dala Co» ЖШС сияқты кәсіпорындар айналысады.

Еске салсақ, жақында аш киіктердің ауылдарға жақындауына қатысты Экология министрлігі түсініктеме берген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар