Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстауда қызды некеге мәжбүрлемек болған екі адам 3 жылға сотталды

kz.kursiv.media

Маңғыстауда қызды некеге мәжбүрлемек болған екі адам 3 жылға сотталды

Маңғыстау облысында некеге мәжбүрлеу мақсатында қызды ұрлаған екі ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, іс бойынша үкімді Мұнайлы аудандық соты 2 ақпанда шығарған. Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексі 125-1-бабының 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

«Мұнайлы аудандық сотының 2026 жылғы 2 ақпандағы үкімімен А. және О. есімді азаматтар Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Қазақстандық қоғамдық даму институтының Ұлттық баяндамасының дерегі бойынша, қазақстандықтардың 67,6%-ы «қыз алып қашуды» жөн көрмейді. Алайда сауалнамаға қатысқандардың 20,5%-ы бейтарап, яғни дәстүрді айып деп санамайды. Яғни, әрбір бесінші қазақстандық қыз алып қашуды өзекті мәселе деп санамайды.

Осы жылдың басынан бастап сталкинг фактілері бойынша 79 қылмыстық іс және некеге тұруға мәжбүрлеу фактілері бойынша 31 қылмыстық іс тіркелген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар