Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мейірман Шекеев Димашқа тіл тигізген блогерді жазалауды талап етті (видео)

kz.kursiv.media

Мейірман Шекеев Димашқа тіл тигізген блогерді жазалауды талап етті (видео)

Адвокат Мейірман Шекеев әнші Димашқа тіл тигізген блогерді жазалауды талап етті. Оның айтуынша, Берік Сабитұлы деген азамат айылын жияр емес.

Сондықтан танымал адвокат Димашты ел болып қорғауға шақырып отыр.

«Өзін TikTok желісінде атты парақшасымен тіркеген Берік Сабитұлы есімді азамат қазақ халқының мақтанышы, әлемге танылған өнер иесі Димаш Құдайберген туралы жағымсыз пікірлер айтып, қаралап жүргені байқалды», – дейді адвокат.

Оның сөзіне қарағандан, бастапқыда бұған назар аудармауға тырысқан. Әйтсе де, шабуыл тоқтар емес. Мейірман Шекеевтің топшылауынша, мұның артында қандай да бір мақсат болуы ықтимал.«Димаш – жай ғана әнші емес. Ол – қазақ халқының рухын, өнерін, мәдениетін әлемге танытқан тұлға. Оның дауысы әлемнің ең үлкен сахналарында шырқалып, қазақтың атын биікке көтеріп келеді. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған жан қазақ тіліндегі әндерді тыңдап, біздің мәдениетімізге қызығушылық танытып отыр», – дейді адвокат.

Оның пікірінше, қазақтың атын шығарып жүрген азаматқа тіл тигізу – бүкіл халықтың абыройына тіл тигізумен тең. Бұған жол бермеу керек.

«Димаш еш алаңдамауы керек. Ол – бүкіл қазақ халқының баласы. Біз өз баламызды әрдайым қорғаймыз, қолдаймыз. Шынымды айтсам, бұл сөздерді жазу арқылы өзімді тәуекелге тігіп отырғанымды да түсінемін. Себебі осыдан кейін бұл адам маған да шабуыл жасап, қаралайтынына сенімдімін. Бірақ мен үнсіз қала алмаймын», – дейді Мейірман Шекеев.

Адвокат өнер адамдарын ауызбіршілік танытып, осы бейнежазбаны жоғарыға жеткізуге шақырып отыр.

Айта кететін жайт, Чилиде Димаштың әндерін тыңдау үшін 60 мың адам жиналды

Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri)

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар