Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық өтуде

kz.otyrar.kz

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық өтуде

Айлық өткізу барысында тұрғындар арасында індеттің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар күшейтіледі. Туберкулездің алғашқы белгілері, індеттің алдын алу шаралары, тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап жыл сайынғы профилактикалық тексеруден өту қажеттілігі туралы ақпараттандыру іс шаралары жүргізіледі.

Тұрғындар көп жиналатын орындарда індеттің алдын алу және ерте сатыда анықтау мақсатында жылжымалы флюорографиялық тексеруден өту шаралары ұйымдастырылады. Барлық тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап флюорографиялық тексеруден өтуге шақырамыз. Алғашқы медико-санитариялық көмек жүйесінің медицина қызметкерлерімен бірігіп тұрғындар арасында туберкулез ауруының алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Ұйымдасқан ұжымдарда (жалпы білім беру мектептерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда, жоғары және орта оқу орындарында т.б.) сонымен қатар, қоғамдық орындарда туберкулез ауруының профилактикасы туралы халықты ақпараттандыру мақсатында акциялар ұйымдастырылады.

Алдын алу шараларының мақсаты – аурудың таралуын болдырмау және дені сау адамдардың ауру жұқтыруының алдын алу.

Туберкулез – ол инфекциялық ауру. Инфекция көзі науқас адам болып табылады. Сонымен қатар, туберкулез ауруына шалдыққан малға күтім көрсету кезінде де адамға жұғуы мүмкін. Көбінесе инфекция ауру адаммен жанасу болған кезде одан сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде бөлінетін туберкулез бактерияларының ауа тамшылары арқылы сау адамға жұғу арқылы тарайды.Туберкулез ауруы салмақ тастау, тершеңдік, кеуде қуысындағы ауырсыну, жөтел, қан түкіру, жалпы әлсіздік, тез шаршау, ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі сияқты шағымдардан басталады.Туберкулездің алдын алу шаралары:

Туберкулездің алдын алу, туберкулезге қарсы иммунитеттің дамуын қалыптастыру үшін Ұлттық екпелер күнтізбесіне сәйкес, медициналық қарсы көрсетілімдері болмаған кезде, туғаннан кейінгі алғашқы 2-4 тәулікте перинаталдық орталықтың (босандыру бөлімшесінің) егу кабинетінде вакцинацияланады.

Халық арасында туберкулезді ерте анықтау үшін медицина қызметкерінің жолдамасымен тұрғындар жыл сайын флюорографиялық қарап-тексерулерден (15 жастан жоғары) өтулері тиіс.Балалар арасында туберкулезді ерте анықтау үшін туберкулиндік Манту сынамасы қолданылады. Сонымен қатар, індеттің алдын алуда уақытылы тамақтану (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру белсенділігін арттыру, уақытында тынығу, темекі, ішімдік, жеке бас гигиенасын сақтау өте маңызды болып табылады.

Ең маңыздысы өз денсаулығыңызға ұқыпты болып жоғарыда көрсетілген аурудың белгілері анықталған жағдайда ауруды асқындырмай дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет. Туберкулез диагнозы нақтыланған жағдайда дәрігердің ұсыныстарын сақтау, медициналық қызметкердің бақылауымен үзіліссіз ем қабылдау дертті толықтай емдеуге көмектеседі.

Б.Орашова,Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық

эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар