Алматыда Наурыз мейрамына орай тағы бір көше жабылады
Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралардың өткізілуіне байланысты 20–21 наурыз аралығында Омаров көшесінде жеңіл және қоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша тоқтатылады.
«Шектеулер іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мерекелік инфрақұрылымды ұйымдастыру мақсатында енгізіліп отыр. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп атап өтті қала әкімдігінен.
Еске сала кетейік, 16 наурыздан бастап Наурыз мейрамын тойлауға байланысты Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінде де көлік қозғалысы шектелген болатын.
Қалада 23 наурызға дейін Наурыз мейрамына арналған ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтеді.
Осыған дейін Алматы және өзге өңірлер Наурыз мейрамын тойлау үшін қанша қаржы жұмсағанын жазған едік.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
-
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 наурыз 2026