Министрлік 400 стоматологияны тексеріп, ондаған клиниканы лицензиясынан айырды
Денсаулық сақтау министрлігі бүкіл ел бойынша стоматологиялық клиникаларға жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жалғастыруда. Жүздеген медициналық мекеме бақылауға алынды, олардың бір бөлігі жұмысын тоқтатты.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, тексерулерді мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері жүргізіп жатыр.
«Тізімге барлығы 622 стоматологиялық клиника енгізілді, бүгінгі таңда 392-сі тексерілді», – деп нақтылады Денсаулық сақтау министрлігі.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, 103 клиникада ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Сонымен қатар, 174 стоматологиялық ұйым өз қызметін тоқтатты. 56 жағдайда медициналық қызметпен айналысуға берілген лицензия ерікті түрде қайтарылған.
Бірқатар жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылды. Сөз клиникалардың қызметін 30-дан 90 күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы болып отыр. Сондай-ақ, жекелеген медицина қызметкерлері 30 күнге жұмыстан шеттетілді.
Тексеру барысында мамандар медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталуын, лицензиялық талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ білікті мамандардың болуын бағалайды. Денсаулық сақтау министрлігі тексерулердің негізгі мақсаты – пациенттердің құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және стоматологиялық қызметтердің сапасын арттыру екенін атап өтті.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
-
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
19 наурыз 2026