Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тегеран бес елдің кемесіне Ормуз бұғазынан өтуге рұқсат берді

kz.kursiv.media

Тегеран бес елдің кемесіне Ормуз бұғазынан өтуге рұқсат берді

Тегеран бес елдің кемесіне бұғатталған Ормуз бұғазынан өтуге рұқсат берді. Бұл туралы елдің СІМ басшысы Аббач Аракшы мәлімдеді деп жазады Tasnim агенттігі.

«Біз Ормуз бұғазы арқылы өтуге өзімізге дос деп санайтын бірнеше елге рұқсат бердік: мәселен, Ресей, Үндістан, Ирак, Қытай және Пәкістан. Ал қарсыластарымыздың бұғазды пайдалануына жол берудің ешқандай қисыны жоқ», – деді ол.

Bloomberg жазуынша, Иран аталған елдердің тек ақы төлеп өтуіне рұқсат берген. Қазірдің өзінде Үндістан, Ирак, Малайзия мен Қытай да Тегеранмен тікелей келіссөздер жүргізіп, кемесінің ақылы түрде өткізуге тырысып жатыр.

Ормұз бұғазы – Парсы шығанағы мен Оман шығанағын жалғайтын негізгі маршрут. Ирак, Қатар, Кувейт және БАӘ сияқты мұнай алпауыттары үшін ашық теңізге шығатын жалғыз есік.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль бірлесіп, Иранға шабуылдағаннан кейін Тегеран бұғазды миналап, жауып тастады. Жүздеген кемелер өте алмай тұрып қалды. Трамп бұғазды ашып, кеме қатынасын реттеуге күш салып жатыр, әзірге, сәтсіз. Ормуз бұғазындағы жағдай туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар