Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Отандық кәсіпорындар әскери дрондарды жасауға басымдық бермек

kz.kursiv.media

Отандық кәсіпорындар әскери дрондарды жасауға басымдық бермек

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының басшылығымен жұмыс кездесуі өткен. Жиынға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев төрағалық еткен. Ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі таратты.

Жиында отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысының қазіргі жағдайы талқыланып, оларды қолдау шаралары аясындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың басым бағыттары айқындалған. Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтеді.

«Еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені – мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және экономиканың түрлі салаларының дамуына серпін беретін стратегиялық маңызды сала. Оның құрамына қару-жарақ, әскери және арнайы техника өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары кіреді. Бүгінде заманауи бронетехника үлгілерін жасау, сервистік қызмет көрсету мен жөндеу базасын дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және цифрландыру бағытында ілгерілеу бар, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Сонымен бірге Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы алдын ала келісімдерге сүйене отырып, отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру шараларын іске асырып жатыр. Оның ішінде әртүрлі типтегі ұшқышсыз ұшу аппараттарын, радиоэлектрондық күрес құралдарын локализациялау бойынша ұсыныстар енгізілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарттарын, оларды уақтылы әрі сапалы орындау жөніндегі кешенді шараларға ерекше назар аударған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар