Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда үш күнде 43 мас жүргізуші анықталды

kz.kursiv.media

Алматыда үш күнде 43 мас жүргізуші анықталды

Алматы қаласының полиция департаменті соңғы үш тәулікте жүргізілген ауқымды рейдтің қорытындысын жариялады. Нәтиже көңіл көншітпейді: 5 мыңнан астам ереже бұзу дерегі анықталған.

Кейбір жүргізушілер жол ережесін өрескел бұзып қана қоймай, өздерінің қауіпті әрекеттерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде мақтануды әдетке айналдырған. Алайда, мұндай «виртуалды ерліктердің» соңы нақты жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Мәселен, Әл-Фараби даңғылында көлігін сағатына 250 шақырымға дейін зулатқан жүргізуші анықталып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Полицияның саптық бөлімшелері жүргізген тексеріс барысында мынадай деректер тіркелді:

«Әрбір заңсыз әрекет бақылауда. Кейбір жүргізушілер жазасыз қаламыз деп ойлайды, бірақ бейнебақылау жүйелері мен жедел уәкілдердің жұмысы кез келген құқық бұзушыны анықтауға қауқарлы», – дейді ведомство өкілдері.

Түнгі жарыстар мен агрессивті жүргізу стилі бұл жай ғана адреналин емес, бұл біреудің тағдырын талқандауы мүмкін қылмыс. Алматы полициясы барлық жол қозғалысына қатысушыларды тәртіпке бағынып, өзінің және өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апаты орын алған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар