Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бюджеттен бөлінген 500 млн теңге пошта қызметін дамытуға жетпей жатыр – Бектенов

kz.kursiv.media

Бюджеттен бөлінген 500 млн теңге пошта қызметін дамытуға жетпей жатыр – Бектенов

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанда ауылдарда пошта байланысының әмбебап қызметтерін қолдауға қосымша 2,8 млрд теңге қажет екенін атап көрсетті.

Сенаторларға берген жауабында Олжас Бектенов биыл ауылдарда пошта байланысының әмбебап қызметтерін көрсету бойынша операторлардың шығындарын субсидиялауға 500 млн теңге қарастырылғанын айтады. Алайда қолданыстағы қаржыландыру жеткіліксіз болып отыр.

«Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі пошта байланысының әмбебап қызметтерін қамтамасыз ету үшін қосымша 2,8 млрд теңге көлемінде бюджеттік өтінім қалыптастырған. Қазір бұл өтінім Бюджет кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес уәкілетті органдардың қарауында», – дейді Бектенов.

Премьердің айтуынша, Үкімет ауылдық елді мекендерде байланыс қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және пошта инфрақұрылымын дамыту мәселесін бақылауда ұстап отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар