Өлім трассасы және «мыстан аулау»: Әленов Алматыдағы жол апаты туралы айтты
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Сенат дәлізінде Алматыдағы үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, сұмдық оқиға ішкі істер қызметкерлерінің қатысы туралы ішкі тексеру әлі жүріп жатыр.
Бауыржан Әленов нәтижесі дайын болғанда, көпшілікке жарияланады деп уәде берді.
«Министрдің нұсқауы бойынша тексеру жүріп жатыр. Бұл іс бойынша біргеше қылмыстық іс қозғалды. Толық ақпаратты біздің өкілдеріміз де, Алматы полиция департаментінің басшылығы да хабарлады. Нәтижесі дайын болған кезде, жариялайтын боламыз», - деді Әленов.
Оның айтуынша, осы жол көлік оқиғасында күдікті біреу. Ол күзетке алынған. Қазір ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары осы оқиғаға байланысты Алматыда патруль полициясы арасында «тазалау» жұмыстары жүріп жатқанын жоққа шығарды.
«Тазалау туралы сөз қозғамай-ақ қояйық. Бұл - жоспарлы жұмыс өтеу. Мұндай шара Астанада, басқа да облыс орталықтарында өткізіліп тұрады. Кейде жағдай талап етеді. Бірақ ешқандай мыстан аулау болмайды», – деді Бауыржан Әленов.
Сондай-ақ оған Алматыдағы өлім жарыстарына полиция қызметкерлерінің жасырын қолдау көрсететіні туралы сауал қойылды. Жұрт Әл Фараби даңғылын өлім трассасы деп атай бастаған. Министрдің орынбасарынан бұл мәселе қашан реттелетіні жайында сұралды.
«Статистикаға жүгінсек, бұкіл әлемде жол көлік оқиғалары ерекше бақылауда. Оңтүстік мегаполисте бірқатар жүгенсіз жүргізушілер бар. Олар ауыр апатқа ұшыратып жатыр. Оларға қатаң шара қолданылады», – деді Әленов.
Айта кететін жайт, Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болғандардың туыстары тергеу барысына күмәнмен қарайды.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
-
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
2 сәуір 2026