Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШҚО-да мектеп директорлары жетіспей жатыр - 48 мектеп басшысыз тұр

kz.kursiv.media

ШҚО-да мектеп директорлары жетіспей жатыр - 48 мектеп басшысыз тұр

Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп директорлары жетіспей жатыр. Қазір 48 мектеп басшысыз қалған.

YK-news.kz хабарлауынша, бұл жөнінде жалпы білім беру мекемелеріндегі кадр тапшылығы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлімдеген.

«Көптеген педагогтер директор болғаннан гөрі мұғалім болып қалғанды жөн көреді. Сол себепті, өкінішке қарай, өңірде мектеп басшыларының тапшылығы байқалады», – деді ол.

Оқасовтың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда 48 білім беру мекемесінде директор жоқ. Өңірде мұғалімдер де жетіспейді, әсіресе шалғай аудандарда.

Басқарма басшысының айтуынша, мұғалім тапшылығы Алтай ауданы, Марқакөл ауданы және облыс орталығына жақын орналасқан Ұлан ауданында да байқалады.

Қуат Оқасов бұл мәселені шешу бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын, оның ішінде көші-қон арқылы кадр тарту тетіктері де қарастырылатынын айтты.

Айта кететін жайт, Шымкенттегі мектептерде 1600-ден аса жұмыс орны бос тұр

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар