Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәсімовтің самурай қылышы тағы да өтпей қалды

kz.kursiv.media

Мәсімовтің самурай қылышы тағы да өтпей қалды

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы тағы сатылмай қалды: аукционға қойылған суық қаруға ешкім қызықпаған.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» қазір түрмеде отырған бұрынғы шенеуніктің қылышын электронды аукцион – eSauda порталына сатуға шығарған. 31 наурызда бастапты құны 461 312 теңгеден басталатын лотқа ешкім қатыспады. Соған байланысты аукцион да өткен жоқ.

Осылайша, Мәсімовтен қалған мұра осымен төртінші мәрте сатылмай қалды.

Айта кетейік, бұған дейін – 20 ақпанда өткен аукцион барысында самурай қылышы «жеті есе қымбат бағаға сатылғаны» хабарланған. Алайда кейін сауда-саттық нәтижесі жойылған. Мұндай шешім қабылдауға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Бір қызығы, Мәсімов қылышы 2025 жылдың аяғында да аукционда сатылып, бірақ кейін саудада жеңген адам құнын төлемей қоюына байланысты сауда өтпеді деп танылған.

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев билігі тұсында лауазымы жоғары қызметтер атқарған Кәрім Мәсімов 2023 жылғы сәуірде 18 жылға сотталды. Сот арнайы қызметтің бұрынғы басшысын мемлекетке опасыздық жасады деп таныды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар