Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тақыр кедейлер қатары артты: миллион адам күнкөріс шегінен төмен өмір сүріп жатыр

kz.kursiv.media

Тақыр кедейлер қатары артты: миллион адам күнкөріс шегінен төмен өмір сүріп жатыр

2025 жылы Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (шамамен 58,8 мың теңге) аспайтын халықтың үлесі 4,8%-ға жетті. Бұл – шамамен бір миллионға жуық адам (988,2 мың). EnergyProm, мәліметіне сәйкес, бір жылда мұқтаж жандардың саны 2%-ға артып, әсіресе ауыл тұрғындары мен көп балалы отбасылардың жағдайы қиындай түскен.

Елдегі кедейлік деңгейі біркелкі емес. Қалаларда бұл көрсеткіш 3,6% деңгейінде тұрақталса, ауылдық жерлерде керісінше өсім байқалып, 7%-ға жетті.

Демек, ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда табыс тапшылығын екі есе жиі сезінеді. Бұл ауылдағы экономикалық мүмкіндіктердің шектеулі екенін және табыс теңсіздігінің әлі де жоғары екенін дәлелдейді.

Елдің 20 өңірінің тоғызында кедейлік деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары. Жағдай мына облыстарда тым күрделі:

Бұл аймақтарда әрбір 12-ші тұрғынның табысы күнкөріс шегіне жетпейді. Ал ең жақсы көрсеткіштер Астана қаласы 2,6%), Қарағанды және Атырау облыстарында (3,1% ) тіркелген.

Ең алаңдатарлық жағдай – шектен шыққан кедейлік (табысы тек тамаққа ғана жететіндер) көрсеткішінің бір жылда үш есе өсіп, 0,3%-ға жетуі. Бұл үрдіс әсіресе қалаларда қатты сезіліп отыр.

Өңірлік тұрғыда Ұлытау облысы ерекше көзге түсті: мұнда тақыр кедейлер қатары 3%-ды құрады, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 10 есе жоғары. Сондай-ақ Қарағанды (1,3%) және Ақмола (1%) облыстарында да жағдай күрделі.

Сарапшщылардың айтуынша, кедейлікке ұшырау қаупі отбасындағы адам санына тікелей байланысты екен. Статистика бойынша:

Көпбалалы отбасылардың тұрмысының нашарлауы жалғызбасты адамдармен салыстырғанда 75 есе жоғары. Бұл қазіргі мемлекеттік қолдау шараларының көпбалалы отбасыларды кедейліктен қорғауда тиімділігі төмен екенін аңғартады. Мамандардың пікірінше, халықтың жалақысы өскенімен, жоғары инфляция нақты табысты жеп қойып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар