Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қайрат Жастар» – «Шахтёр» матчының тікелей трансляциясы

kz.kursiv.media

«Қайрат Жастар» – «Шахтёр» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 3 сәуір күні бірінші лиганың 1-туры аясында Алматыда жергілікті «Қайрат Жастар» командасы қарағандылық «Шахтёрді» қабылдайды.

Ойын сағат 15:00 де Тимур Сегізбаев атындағы «Қайрат» академиясының стадионында өтеді. Тікелей эфир: Матчты KFF League ресми YouTube арнасынан онлайн тамашалауға болады.

Биылғы маусымда «Шахтёр» клубына ерекше назар аударылып отыр. Бұған бірнеше маңызды себеп бар:

Клубты танымал кәсіпкер Тимур Турлов сатып алды. Қаржылық тұрақтылық пен жаңа басшылықтың келуі «Шахтёрді» биылғы Бірінші лиганың басты фавориттерінің біріне айналдырып отыр. Жанкүйерлер команданың Премьер-лигаға тезірек оралуын тілейді.

Сондай-ақ, маусым басталар алдында күтпеген жағдай орын алды. Тәжірибелі маман Дмитрий Огай қызметінен кетіп, оның орнына «Шахтёрдің» нағыз аңызы Андрей Финонченко келген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар