Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Отын шығыны 5 литерден аз: Changan CS75 Plus кроссовері гибридке айналды

kz.kursiv.media

Отын шығыны 5 литерден аз: Changan CS75 Plus кроссовері гибридке айналды

Changan CS75 Plus кроссовері ресми түрде 24 сәуір күні Пекин автосалонында таныстырылады. Басты ерекшелігі – классикалық HEV гибрид жүйесі. Яғни, бұл көлікті тоқ көзіне қосып қуаттаудың қажеті жоқ.

Шын мәнінде жүргізуші бұл көлікті кәдімгі бензинді автокөлік сияқты сезінеді, бірақ отын шығыны айтарлықтай төмен болады.

Кроссовердің сыртқы келбеті бұрынғысынша сақталғанымен, бірқатар маңызды өзгерістер енгізілген:

Ең қызығы, бұл жолы компания әдеттегі жасырын есік тұтқаларынан бас тартқан.. Енді олар классикалық үлгіде болады. Өндірушінің бұл жерде дизайннан гөрі практикалық тиімділікке басымдық беріп отырғаны байқалады.

Ал салонында айтарлықтай өзгеріс жоқ, бұрынғы функциялар қалдырылған.

Бұл жолы үш жақты руль және «Snowy Mountain» ашық интерьер сияқты жаңашылдықтар пайда болады.

Компания бұл жолы басты назарды – дизайнға емес, техникалық мүмкіндігіне басымдық берген. Мәселен, гибрид жүйесі классикалық схемамен жасалған:

Аккумуляторды электр желісінен қуаттап қажет емес. Ол өздігінен – тежегішті қолданғанда және қозғалтқыш жұмыс істегенде қуатталады.

Отын шығынының көрсеткіштері де тиімді:

Үлкен кроссовер үшін бұл – шағын көліктердің деңгейі.

Нарық біртіндеп осындай шешімдерге қарай ауысып келеді. Толық электрлі модельдер инфрақұрылымды қажет етеді, ал plug-in гибридтерді жүйелі түрде қуаттау қажет.

Классикалық HEV бұл екі мәселені де шешеді, пайдалану шығыны төмен, бірақ жүргізушінің өмірін күрделендірмейді. Сол себепті осындай модельдер Қытайда қазір тез танымал болуда.

Айта кетейік, Қазақстанда құрастырылатын Changan CS75 Pro ЕАЭО елдеріне сатылуы мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар