Ел экономикасына 3,5 трлн теңге инвестиция салынды
Соңғы үш айда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 3,5 трлн теңгені құрап, 6,4%-ға ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин хабарлады.
Қаражатты тарту бойынша көшбасшы өңірлер қатарына Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстары кірді. Капиталдың ең көп көлемі электрмен жабдықтау, байланыс және ауыл шаруашылығы секторларына салынды. Сыртқы саудада да оң динамика бар: жылдың алғашқы екі айында тауар айналымы 11,3%-ға өсіп, $21,7 млрд-қа жетті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,4%-ға артып, 3,5 трлн теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар 20,9%-ға өсті.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтауға салынған инвестициялар көлемі 2,5 есеге, ақпарат және байланысқа – 2 есеге, ауыл шаруашылығына – 70,6%-ға, саудаға – 28,2%-ға, өңдеу өнеркәсібіне – 21,6%-ға, көлік қызметтеріне – 7,9%-ға өсті.
Инвестициялардың жоғары өсуі Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. Ал Қостанай, Жетісу, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында көрсеткіш төмендеген..
Биыл қаңтар-ақпан айларында сыртқы сауда айналымы 21,7 млрд долларды құрады. Тауарлар экспорты 12 млрд долларды, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 4,5 млрд долларды құрады. Ал тауарлар импорты 9,6 млрд долларды құрады.
Қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібіндегі өсу 8,5%-ға дейін жеделдеді. Өсу 18 өңірде байқалып отыр. Ең жоғары өсу Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды. Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында өндірістің төмендеуі тіркелді. Өткен жылы экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға дейін өсті және екінші жыл тау-кен өнеркәсібінің үлесінен жоғары болып отыр.
Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда жалпы ішкі өнім 3%-ға өскен.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
-
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 сәуір 2026