Реттеуші банк конгломераттарына бақылауды күшейтіп жатыр
Қазіргі ірі банктер тек ақша сақтаумен шектелмей, өз айналасына сақтандыру компаниялары, брокерлер, маркетплейс пен IT-фирмаларды жинап, үлкен топқа (экосистемаларға) айналды. Осыған байланысты, 2025 жылдан бастап Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк конгломераты бақылауды барынша күшейткен.
Бұрын тексерушілер негізінен тек банктің өз жұмысына мән берсе, енді олар банктің құрамына кіретін барлық компанияларды бір құрылым ретінде қарайды. Мұны «шоғырландырылған қадағалау» деп атайды.
Енді банкке тиесілі кез келген қосалқы фирмада мәселе туындаса, реттеуші оны бірден көріп отырады. Бұл банк ішіндегі компаниялардың бір-біріне ақша аударып, өздерінің қаржы жағдайын қағаз жүзінде жақсартып көрсетуіне жол бермейді.
Бұл қадамдар банктердің нақты тұрақтылығын білу үшін жасалып жатыр. Егер топ құрамындағы бір компания шығынға батса, ол бүкіл банктің жұмысына әсер етуі мүмкін. Сондықтан мемлекет тәуекелдерді басқарудың бірыңғай ережелерін енгізіп, банктердің банкрот болуынан және халықтың салымын сақтаудан сақтандырмақ.
Қысқаша айтқанда, бақылаудың жаңа жүйесі банктердің ішкі-сыртқы барлық байланыстарын ашық көруге және олардың шынайы жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін мемлекеттен қаржылай көмек алған банктер енді акционерлеріне дивиденд төлесе, дәл сол соманың 100%-ын бюджетке қайтаруға міндеттелді.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
-
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
1 мамыр 2026