Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Заңсыз алтын өндірушілер құрықталды

kz.otyrar.kz

Заңсыз алтын өндірушілер құрықталды

Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті Жарма ауданының аумағында бағалы металдарды заңсыз өндіру фактісінің жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау жұмыстары жүргізіліп, бағалы металдар заңсыз өндірілген үш учаске анықталды. Заңсыз қызмет барысында топырақ жамылғысына ауқымды зиян келтіріліп, оның ішінде құнарлы топырақ қабаты сыпырылып алынған.

Тергеу іс-шаралары барысында алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдықтары, арнайы техника және автокөліктер тәркіленді. Қазіргі уақытта заңсыз әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталуда.

Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар