Астанадағы қозғалыс көп болатын қиылыс уақытша жабылады
Астанада қаланың ең көп қозғалыс болатын қиылыстарының бірінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайдыелорда әкімдігі.
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланды.
Жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 5 және 6 шілдеде бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер бағыттарын алдын ала жоспарлау және жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру тиіс. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігі Ұлы Дала даңғылында жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Осыған байланысты 4-5 шілде аралығында Әл-Фараби даңғылы мен Шерхан Мұртаза көшесі арасындағы учаскеде қозғалыс ішінара шектелген еді.
- Соңғы
-
-
-
-
- Шілде, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
5 шілде 2026