​Жанар Хамитова мен Рысбек Аташ дуэт құрды

​Жанар Хамитова мен Рысбек Аташ дуэт құрды

reactor.inform.kz

14 жыл жоғалып кетіп, жақында жұрт алдына қайта шыққан Жанар Хамитова Рысбек Аташпен дуэт құрды. Бұл жаңалықты Сиви Махмуди желідегі парақшасында жазды.
Рысбек пен Жанар қосылып, «Қалаулым» бағдарламасында ән салған. Мұны көрген желі қолданушылары жылы пікірлерін білдіруде. «Жанардың дауысы керемет», «неше жыл сахнадан қол үзіп қалса да харизмасын жоғалтпаған» дейді оқырмандар.
Жанар сондай-ақ фотосессия түсірген. Осы айдың соңында Сиви Махмудидің Ақтөбе облысы бойынша беретін концертіне қатыспақ.
Дереккөз: Reactor

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: