Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әсем Жәкетаеваны студиядан шығарып жіберді

almaty.tv

Әсем Жәкетаеваны студиядан шығарып жіберді

«Алматы» телеарнасындағы тұсауы кесілген жаңа жоба «Алматы кеші» бағдарламасының алғашқы шығарылымында әнші Әсем Жакетаеваны студиядан шығарып жіберді, деп хабарлайды Almaty tv. Әнші қыздың бағдарламаға қатыстырылмауына «Ashyq» қосымшасындағы мәртебе себеп болған. Бағдарлама басында шоудың жүргізушісі Тәуекел Мүсілім шығарылым қонақтарын «Ashyq» қосымшасы арқылы QR кодпен тексеріп көрді. «Сізде көк түс қой. Кешір енді, амал жоқ, сені бұл бағдарламаға қатыстыра аламаймыз. Ренжіме! Әсемді келесі бағдарламаға міндетті түрде қонаққа шақырамыз. Вакцина салдырып келіңіз», – деді шоу жүргізушісі Тәуекел Мүсілім. Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024