Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Менің университетім". Тұрсынбек Қабатовтың қызы Дубайда жүрген видеосын жариялады

qazweek.kz

Менің университетім. Тұрсынбек Қабатовтың қызы Дубайда жүрген видеосын жариялады

ҰБТ дауынан кейін әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қызын шетелге оқуға түсірген сыңайлы. Әдемі Тұрсынбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында «менің университетім» деген жазба қалдырып, Дубайда жүрген видеосын жүктеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, КазТаг порталына cілтеме жасап. Еске салайық, 15 тамызда Абзал Құспан есімді заңгер танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-да тест тапсыруға басқа адам кіргенін жазды. Оның айтуынша, 13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024